Су тасқыны салдарынан зардап шеккен оралдықтарға азық-түлік, киім-кешектер жөнелтілді.
Жөнелтілген көмек Батыс Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен ауылдарына жеткізіліп отыр. Орталық мешітке қарасты Қайырымдылық мекемесі тарапынан 60 отбасына киім- кешектер жіберілді.
Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешітінің бастамасымен жүзеге асқан асарға өңірдегі барлық мешіттер атсалысып отыр.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.