Атырауда кәсіпкерлердің атсалысуымен орталық «Иманғали» мешітінде және Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте үш ірі-қара мал құрбандыққа шалынды.
Құрбан малының еті 48 мұқтаж отбасына және дін жолында ізденіп, білім алып жүрген 24 шәкіртке таратылды.
«Ел амандығы үшін құрбандыққа мал шалып, дұға жасадық. Еліміз көлденең келген апаттардан аман болғай. Бірлігімізден ажырамайық» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.