Атырау мешіттерінде зілзаладан зардап шеккен Түркия халқының амандығы үшін дұға жасалды.
«Алла апаттан зардап шеккен Түркия халқына сабыр берсін. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия халқына көңіл айтып, бауырлас халық үшін Қазақстанның көңілі алаңдаулы екендігін жеткізген болатын. Көз жұмғандардың жаны жәннатта болсын. Алла жасап жатқан амалдарымызды қабыл еткей» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Соңғы мәлімет бойынша, Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Түрік ғалымдарының байламынша, алапат жер сілкінісінің қуатын 130 атом бомбасының қатар жарылуымен салыстыруға болады. Оның кіндігі, эпицентрі
Түркияға тұспа-тұс келді, ал толқындары Қазақстанға дейін жеткен.