Атырауда мешіттер негізгі жұмыс бағытын айқындады

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен аудан имамдары үшін жиын өтті.

Мәжілісте мешіттерде биылғы жылғы атқарылатын жұмыстар, мешіт істері, кадр мәселесі және имамдардың діни сауатын арттыру тақырыптары талқыланды.

«Қазіргі таңда аудандық, ауылдық жерлерде салынып жатқан мешіттердің жай-күйі, кадр тарту және ҚМДБ бекіткен бес бағыт бойынша әріптестерімізбен тығыз жұмыс жасау керектігін талқыладық. Шалғай ауылдағы мешіттердің ахуалын назардан тыс қалдырмаймыз. Осы жылы мешіттерімізде жамағат арасында рухани-интелектуалды сайыстарды жиі ұйымдастыратын боламыз» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай-ақ, жиында дін атын жамылған жат ағымдармен жұмыс жасауда қазақтың ұлы ағартушыларының діни  еңбектерін насихаттау мәселесіне байланысты, арнайы жоспар құрылатыны белгілі болды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.