Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде жамағатпен бес уақыт намаз оқу басталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен тәртіпке сәйкес, намаз уақытында жамағат саны жүзден аспауы тиіс.
«Бүгінгі таңда облыс мешіттерінде санитарлық талап толықтай сақталып отыр. Мешітте маска режимі қатаң жағдайда қадағалануда. Сонымен бірге кіреберістерге антисептиктер орнатылған.
Әзірге жұма намаздары оқылмайды. Алла Тағала елімізді ауыр індеттен сақтағай» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.