Атырау облысы әкімінің орынбасары Мүфтият өкілдерін қабылдады

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы Дарын Шамұратовқа Атырау облысына тағайындалған жаңа имам Болатбек Ұласханұлын таныстырды.

«Болатбек Ұласқанұлы – екі жоғары білімі бар, магистр, ғылым докторы. Халықаралық дәрежедегі тәжірибесі бар білікті маман. Бұған дейін Алтынбек Ұтысханұлы абыроймен еңбек етті. Руханият саласында іргелі жұмыстар атқарылды. Алда міндеттер өте көп. Болатбек Ұласқанұлының жауапкершілігі үлкен жұмыстарды жоғары деңгейде атқаратынына сенемін» деді наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы.

Тараптар одан әрі облыстағы діни ахуал, кадрмен қамтамасыз ету сынды өзекті мәселелерді талқылап, бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлына сәттілік тілеп, Алтынбек Ұтысханұлына ризашылығын жеткізді.