Биылғы қасиетті Рамазан айы басталғалы Атырау қаласы мен аудан, ауыл мешіттерінде он бес мың адам құлшылық ордасына келіп тарауих намазын өтеуде.
Тарауық намазын өткізуге елімізден және облыстан құран жаттаған қарилар дайындалған болатын. Сондай-ақ, Түркия мемлекетінен келген үш қари қаладағы Құспан молла, Ықылас мешіттерінде, біреуі қызылқоға ауданында Құран хатым етуде.
Тарауық намазыны 20 ракағат оқылады, шариғатта бекітілген сүннет болып табылады.
Еске сала кетсек, Тарауық намазы – бес уақыт намазға тәуелді болмағанымен, белгілі бір уақыты бар намаз. Рамазан айында Құптан мен Таң намазы аралығында оқылатын жиырма рәкәғаттан тұратын бұл құлшылық – мүәккәд сүннет (бекітілген, күшті сүннет) қатарына жатады. Рамазанда тарауық намазын оқу – Пайғамбарымыздың (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Риуаят бойынша Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала рамазан айында оразаны парыз етті. Мен де тарауық намазын мұсылмандарға сүннет қылдым» деп айтқан. [Ахмед ибн Ханбал, Мүснәд].