Биыл Атырау облысы бойынша шалғай ауылдарда бірнеше мешіт ашылды. Соңғы күндері екі бірдей мешіт Индер ауданына қарасты Елтай, Өрлік ауылдарында қолданысқа берілді.
Оның ішінде, Атырау қаласындағы «Ықылас» мешітінің ашылуына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы келгенін атап өткеніміз жөн. 1000 орындық «Ықылас» мешіті Атырау қаласындағы Ракуш ауылында ел игілігіне қызмет көрсетуде.
Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша 15 намазхана, 6 Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы жұмыс істеуде. Сонымен бірге, 14 қалалық мешіт, 7 аудандық мешіт, 28 ауылдық мешіт ел игілігі үшін қызмет етіп жатыр.
Аталған мешіттердегі қызметкерлер саны бүгінгі таңда 128.
Мешіттердің бүгінде құлшылық ордасы болумен бірге, тәрбиелік және рухани жұмыстар атқарылатын, сонымен бірге, қайырымдылық бағыттағы ізгілік шаралары өтетін үлкен бұқаралық алаңға айналғанын атап өткеніміз жөн.