Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тасқынмен күреске атсалысқан мешіт ұжымына алғыс айтты.
«Тасқын судан қорғану шараларын ұйымдастыру жұмыстарына қосқан үлесі үшін «Иманғали» орталық мешітіне алғыс айтамын» делінген алғыс хатта.
«Бұл мешіт ұжымына ғана емес, бірлігі жарасқан жамағат ынтымағының нәтижесі» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.