amin.kz/ 8 шілде, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы инстаграм желісінде оқырман сұрақтарына жауап берді.
Тікелей эфирде бір сағатқа созылған сұхбатты Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев жүргізді.
Сұхбат барысында иман, сабырлылық, пандемия жағдайындағы мұсылманның жағдайы туралы көптеген сауалдарға жауап берді. «Қазіргі жағдайда ең алдымен сабыр сақтай білуіміз керек. Мұсылманның ең басты сипаты сабыр. Және мейілінше үрейге берілмей, жақсы ойда, дұғада болуымыз керек. Алладан көбірек кешірім сұрап, дұға жасауға, жақсылық істер атқаруға және жеке бастың сақтық шараларын максималды түрде сақтауға шақырамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» деді оқырман сауалдарын қорытындылаған Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.