Атырау облысының Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы Атырау қаласына қарасты Қызылбалық ауылындағы Бақтыгерей молла мешітінің және аталған мешітке қарасты қарилар даярлау орталығының тынысымен танысты.
Мешіт имамы Асылбек Тілепбергенұлының айтуынша тарихи мешіт 2014 жылы бұзылып 2016 жылы қайта салынды. 2022 жылы дін жанашыры Бақтыгерей Шекенұлының атына берілгендігі, қазіргі таңда ауылдағы бірегей құлшылық ордасы болып тұр. Мешіт жанындағы 100 адамға арналған қарилар даярлау орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Мұнда қазақы нақышта безендірілген сыныптар, заманауи кабинеттер, жатахана тахаратхана мен ұстаздар бөлмесі бар.
Аядай ауылдағы мешітті жақсы ұстап, жанынан зәулім ғимарат салып, жастарды тәрбиелеп жамағаттың ауызбіршілігін сақтауда көп жұмыс атқарып жатқандарыңызды естіп жүрміз. Бұл көпке үлгі боларлық іс. Десе де дін саласындағы ағартушылық қызметтің нәзік тұстары көп. Жауапкершілікті талап етеді. Діни басқарманың негізгі 4 бағытының бірі де оқу-ағарту саласы. Біздің шәкірттеріміз бойларына қазақы құндылықтарды сіңіріп шығуы керек. Осы жолда бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін де қолға аламыз,-деп атап өтті бас имам.
Айта кетейік қарилар орталығының құрылысы жақын арада аяқталады деп жоспарлануда. Орталықта құран жаттау, тіл білімдерін меңгеру, қазақстан тарихы мен әдебиеті сынды пәндер оқытылатын болады. Қазіргі таңда мешітте 40 шәкірт құран жаттауда. Болатбек Ұласқанұлы мешіт имамдары мен ұстаздарына нақты тапсырмалар жүктеді









