Атырау қалалық мешітіне наиб имам тағайындалды

Арман Урумбаев – Атырау қалалық «Құспан молла» мешітнің наиб имамы болып тағайындалды.

Арман Урумбаев «Хасеки» академиясының түлегі. Білікті маман бірнеше діни оқу орындарында біліктілігін арттырған.
Атап айтқанда, Сабахадин Займ Түрік университетінде, Қазан қаласындағы Ресей ислам университетінде білім алды.

2015-2017 жылдары орталық «Иманғали» мешітінде ұстаз, имам қызметтерін атқарды.