Атырауда қалалық Құспан молла мешіті әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасына азық-түлік пакеттерін табыс етті.
Әрқайсысы 30 келі болатын пакеттерге бірінші қажеттіліктегі азық-түлік салынған.
«Мешіт – имандылық ұясы. Сонымен бірге, мешітке түрлі сынақтармен бетпе-бет келген адамдар да келеді. Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мұқтаж шаңырақтарға ұдайы мешіт тарапынан түрлі қолдау көрсетіліп келеді. Қайырымдылық бағытындағы жұмыстарымыз жалғасады» дейді Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.