Атырауда Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда қалалық Құспан молла мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері таратылды.

Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай өткен ізгілік шарасы жалғасын табады.

«Ережеп айының келуімен алдағы Рамазан айының да лебін сезе түсеміз. Рамазан айына деген рухани дайындығымызды пысықтай түсуде Ережеп айының берері мол. Өйткені, ережеп – Алладан келер жақсылықтың бастамасы» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.