Атырау қаласының бас имамы шәкірттерге алғыс айтты

Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров «Имани жаз» сауат ашу лагерінде білім алған бір топ шәкіртке алғыс айтып, құрмет көрсетті.

Жазғы сауат ашу маусымы кезінде қалалық мешітте 30-дан астам шәкірт білім алды.

Шәкірттерге білікті ұстаздар дәріс беріп, адамгершілік, иман шарттары, ұлттық құндылықтар, обал мен сауап және Құран әліппесі тақырыптарында білім берді. Бір айға жуық, аптасына бес рет білім алған жас шәкірттерге Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров мадақтама табыс етті.