Атырау: Құспан молла мешіті 20 отбасының баласына оқу сөмкесін тапсырды

amin.kz/ 11 қыркүйек, 2020 жыл.  «Мектепке жол» акциясы аясында оқу құралдарына арналған сөмкелер негізінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтыды.

«Карантин жағдайына байланысты, балалар мешітке жекелеп келді. Қайырымдылық бағытындағы шаралар жалғасады. Себебі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанып отырған басты бағыттың бірі осы. Қамкөңіл отбасылар, балалар әркез назарымызда» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.

Еске сала кетелік, республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті бұған дейін балаларға планшеттер таратқан болатын. Қала және аудан мешіттері қаржылай, оқу-құрал түрінде қолдау көрсеткен еді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.