Атырау «Рамазан сыйы» республикалық марафонына қатысты (+ ФОТО)

Бүгін елімізде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында ел бойынша 3500 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды.

Аталған марафон аясында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде 100 отбасына азық – түлік себеті табысталды. Азық – түлік пакеттерін мұқтаж шаңырақтарға Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы табыс етті.

Айта кетейік, қайырымдылық марафоны жыл соңына дейін жалғасып, барлығы 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу жоспарланған. Ал бүгінгі игі іс-шараға бір мезетте еліміз бойынша мешіт имамдары, «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері мен еріктілері, дін жанашырлары, демеуші азаматтар атсалысты.