Атырау қаласындағы Атырау селолық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері табыс етілді.
Мұқтаж шаңырақтар мешітке арнайы шақырылып, Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскенбаев жиналғандарға насихат айтты.
«Қайырымдылық – ата-бабамыздан сіңген қасиет. Мешіттеріміз бүгінде осынау ізгі қасиетті дәріптеп отырған бірден-бір орын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жеті негізгі жұмыс бағытының бірі де осы қайырымдылық саласына арналып отыр. Бұл бағыттағы шаралар жалғасады» дейді Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскенбаев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.