Атырау селолық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында білім сайысы өтті.
Білім сайысына барлығы 21 үміткер қатысты. Діни сұрақтар бойынша бақ сынасқан шәкірттер тақырыптық сұрақтарға ауызша жауап берді. Сонымен бірге, тестілеу түрінде де сынақ тапсырды.
Білім бәсекесінде бірінші орын Равиль Баделовке бұйырды. Екінші орын Әділгерей Дүйсенге бұйырды. Үшінші орынды Елдос Ташуов пен Орынбек Мажитов өзара бөлісті. Қатысушылардың барлығы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
«Басты мақсатымыз – жамағатттың діни білімін арттыру, ауызбіршілікті нығайту. Жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу» дейді ұйымдастырушылар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.