Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті, Журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасында «Дінтану» мамандығы ашылды.
Аталған мамандыққа талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілу қорытындысымен 50 балл жинаған жағдайда құжат тапсыра алады.
«Дінтану» мамандығын бітіріп шыққан түлектер мемлекеттік орындарда дін істері бойынша маман, дін істері бойынша эксперт, дінтанушы – аналитик, консультант – теолог, дінтанушы ғылыми қызметкер маманы болып қызмет ете алады.