Атырауда әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Ислам және дәстүрлі құндылықтар жылы аясында ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеуге арналған мақал-мәтел сайысы өтті.
Қатысушылар топқа бөлініп, мақал-мәтелдерді жатқа және жалғастырып айту сайысын ұйымдастырды. Сондай ақ, қазақ мәтелдерінің мәні мен маңызын ашуға да өз үлестерін қосты.
Сайыс қорытындысында 1-орынды «Мақал – сөздің мәйегі» тобы, 2-орынды «Ою-өрнек», 3-орынды «Жауһар «тобы иеленді.
Сайысқа белгілі ұстаздар Қатеп Миланбекқызы, Ардақ Сайынқызы, Жұмагүл Насқызы, Жібек Төлеуішқызы қазылық етті.
«Ғасырлар бойы ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап, мәнін жоймай сақталған мақал-мәтелдерден қазақ халқының тұмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман мүддесіне дейін байқауға болады. Мағынасы терең, ойды дәл берген мақалды кез келген дау-жанжалда, халық өміріне қатысты қажетті шешім қабылдағанда орнымен қолданудың маңызы зор. Біздің мақсатымыз – мақал-мәтелдерді дәріптеу, оның мағынасына тереңірек үңілуге баулу» дейді ұйымдастырушылар.