Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы
Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, 51 мекен-жайында орналасқан «АЛИ» жеке қожалығының басшысы Жаңылсын Болатқызына ҚМДБ Халал сертификатын табыстады.
Аталмыш қожалық «Аминки Витаминки» сауда белгісімен кондитерлік өнімдер шығаруда.
«Аминки Витаминки» кондитерлік өнімдер дүкені, ЖШС СТ 96090-1-2021 Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растайды.
Сертификаттың мерзімі 14.09.2023 дейін жарамды» делінген құжатта.
Еске сала кетелік, «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.
Серіктестік 2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.