Алтынбек Ұтысханұлы сырқаттанып қалған ел анасына зиярат етті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өңірімізге белгілі қажы, орталық мешіттің жамағаты Бибібатима Жұмахметқызының жағдайын сұрап, шаңырағына кіріп шықты.

Бибібатима Жұмахметқызы орталық мешіттің тәрбиелік бағыттағы шараларына тұрақты түрде қатысып жүрген белсенді қажы.

Бас имам қажы ананың жағдайын сұрап, тезірек сауығып кетуін тіледі. Және қасиетті Мәуліт айына орай сияпат ұсынып, құттықтау хатын табыс етті.

«Науқастың көңілін сұрау жолы, Жәннат бақшаларын аралаумен пара-пар. Мұсылман бауырының көңілін сұраған құлға, жетпіс мың періште дұға жасап күнәсінің жарылқануына тілеулес болады.

Науқастың разылығында Рахманның разылығы жасырылған. Мұсылман бауырының көңілін сұрауда қос сауап жасырылған. Олар: Бауырына зияраты, денсаулығын сұрау сауабы. Көңіл сұрауды қайталау да сауап. Сондықтан, науқастанып қалған адамдардың әркез жағдайын жасауға, көмек қылуға, жылы сөзімізді арнауға бейім болуымыз керек» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.