Атырау қаласында Ақжар ауылында орналасқан «Ар-Рахман» мешіті қарттарға құрмет көрсетті.
Мешіт имамы Хван Нұрболдың бастамасымен өткен шарада ауыл ақсақалдарына құрмет көрсетіліп, шапан жабылды.
«Қарты бар ауыл азбайды» демекші, мешітіміздің ашылғанына көп уақыт өтпесе де, үнемі жамағатпен бірге ауылдағы ілкімді істердің басында жүретін осы қарияларымыз. Үлкендердің бізге көрсетер жолы мен бағдары әрқашан қажет. Мешітіміздің көркі де осы үлкендер. Сондықтан құрметіміз шексіз», – деп атады мешіт имамы Хван Нұрбол.