«Әдеп, этика мәселесін сөзбен емес, іс жүзінде ұстану маңызды» дейді Атыраудағы «Әт – Тақуа» мешітінің имамы Өсімхан Тілеуов.
Мешіт қызметкерлері үшін өткен жиында мүфтият тарапынан қабылданып жатқан маңызды құжаттар таныстырылып, талқыға салынды.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атап өткеніндей, әр мекеменің өзіндік Әдеп кеңесі болады. Әр қызметкер әдеп этикасын сақтай отырып, жұмыс істейді. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Әдеп кеңесі құрылған еді. Ондағы мақсат
– дін қызметкерінің жұмысына серпін беру» болатын. Осы ретте, әр дін қызметкері асыл дініміздің, еліміздің, Діни басқарма мүддесін қорғауға міндетті. Және дін қызметкері өз ісімен, жүріс-тұрысы, болмысымен, мінезімен, әрекетімен қоғамға үлгі болуы тиіс» деді ұстаз Өсімхан Тілеуов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.