amin.kz/ 5 маусым, 2020 жыл. Бүгінгі заманның барлық талаптарына сай тұрғызылып, жасақталған дәретхананы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы барып көрді.
«Қысқа мерзім ішінде салынып біткен дәретханада бір мезгілде он бір адам дәрет ала алады. Сонымен бірге, мұнда душ та қарастырылған» дейді Әт-Тақуа мешітінің имамы Өсімхан Тілеуов.
«Намаздың кілті – дәрет. Жұмақтың кілті – намаз. Исламның өзі тазалықтан тұрады. Сондықтан, мешіттерімізде дәрет алатын жеріміз өте таза, көркем болуы керек. Осы ретте Атырау облысының барлық мешіттерін заманауи дәретханамен қамтамасыз ету үшін арнайы жобамыз іске қосылып отыр» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.