«Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы аясында, Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде шеберлік сағаты өтті.
Атыраудағы «Әжелер мектебінің» өкілдері оқушы қыз балаларға кесте тігуден шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты барысында әжелер кесте тігу өнерінің тарихы, кесте тігудің қыр-сыры туралы айтып берді.
Еске сала кетсек, кесте тігу – қазақ халқының тұрмыстық өмірінде ерекше орны бар қолөнер түрі. Мата, тері, киіз сынды материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады.