Атырауда Әжелер мектебі көрмеге қатысты

Атырауда Тәуелсіздік күніне орай, «Дін мен дәстүр» атты ұлттық бұйымдар көрмесі өтті.

Көрмеге орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Әжелер мектебі қатысып, қазақтың қолөнерін паш етті.

Іс шараға Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев арнайы қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызы туралы насихат айтты.

«Қазақ халқының рухани негізі ол — Ислам діні. Ислам — ізгілік, адамгершілік діні. Ұлттық салт-дәстүрлер исламға дейінгі заманнан бастау алып, ислам діні арқылы шариғатқа негізделіп күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан біздің өмір сүру дағдымыз болып табылады. Халқымыздың салт-дәстүрінің кез келген түрінің түбінде ислами тамыр жатқанын да көреміз. Дүниеге келген сәбиге азан шақырылып ат қойылғандығынан бастап, өмірден өткен адамның жаназасын оқып, жер қойнына бергенге дейін, яғни тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралықта көптеген дәстүрлеріміз исламнан нәр алған. Сондықтан да біте қайнасқан дін мен дәстүрімізді бір-бірінен ажырату мүмкін емес» деп атап өтті орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.