Атап айтқанда ЖК «Адиетова» (Happy Cake), ЖШС «The Best Food» (Gippo), ЖШС «Bomazza» (Bomazza) «ҚМДБ Халал» сертификациясынан сәтті өтті.
«Иманғали» мешітінде Облыс имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен «Халал Даму» мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы аталмыш мекемелер басшыларына тиісті сертификатарын табыс етті.
Жеке кәсіпкер «Адиетова» Happy Cake маркасымен торт және кондитерлік өнімдерін өндіреді.
ЖШС «The Best Food» Gippo брендімен фаст фуд өнімдерін өндіреді.
ЖШС «Bomazza» Bomazza брендімен фаст фуд өнімдерін өндіреді.
«Халал Даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш мекемелер 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі 2022 жылғы мамыр айына дейін.