Қазақстандықтар биыл қажылық парызын өтей алмайды: Сауд Арабиясы түсінік берді

Сауд Арабиясы тек вакцинациядан өткен адамдарға кіруге рұқсат берді. Бірақ, QazVac және «Спутник V», тіпті Hayat-Vax вакциналары бекітілген тізімге енбеген.

Қажылық барлық санитария нормалары мен шектеулерді сақтай отырып өтеді.

Әзірге қанша мұсылманға қажылыққа баруға мүмкіндік берілгені туралы нақты ақпарат жоқ. Белгілісі, Pfizer, AstraZeneca, Johnson & Johnson және Moderna препараттарын салған шетелдіктер ғана кіре алады.

Жағдайды қиындататын тағы бір нәрсе – ел билігі қажыларды тек тікелей рейстермен жеткізуді талап етті. Қазақстанда мұндай мүмкіндік жоқ.

Айта кетейік, биыл қажылық 17 шілдеде басталады.

Араша. кз