Атырауда дін қызметкерлері марапатталды

Атырауда дін саласының үздік мамандарын анықтау мақсатында Атырау облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «ATYRAU RUHANI FEST-2024» шарасы өтті.

Марапатталғандар қатарында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев, Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов, Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Сұлтанов және басқа да қала мешіттерінің имамдары бар.

Іс шараға Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев, Атырау облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, «Жәрдем – Атырау» корпоративтік қорының өкілдері арнайы қатысып, дін саласында уақытпен санаспай, аянбай еңбек етіп жүрген барша имам, ұстаз, ғалым, теологтарға алғыс айтты.