Атырау облыстық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған Діни сауат ашу және Құран жаттау орталығында шәкірттер бірінші оқу тоқсанын аяқтап емтихан тапсырды.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы сынаққа арнайы қатысып шәкірттерге білім алудың маңыздылығы, дініміздегі мол сауаптары жөнінде насихат айтты.
«Қасиетті Құран «Оқы!» деп басталады. Бұл оқудың, білім алудың маңызы зор екенін білдіреді. Исламның ғылым мен өркениеттің діні екендігін паш ететін кез келді» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Төрт айдың қорытындысы бойынша ақида, фиһқ, Құран ілімдерінен сынақ тапсырған шәкірттердің білім деңгейін облыстың білікті ұстаздары тексерді.