Атырауда еріктілер зираттарды тазалады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық қоры» жанындағы қайырымдылық жаршылары еріктілер тобы Атырау қаласындағы зираттарға тазалық жүргізді.

Тазалық жұмыстарына З»екет және қайырымдылық қорының» директоры Мақсатбек Мақсотұлы бастап, өңірдегі қайырымдылық өкілдері,еріктілері жұмылдырылды.

Өмірден өткен жандарға құрмет көрсету, Құран бағыштау тірілер үшін – міндет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қашанда зираттардың тазалығы мен бірізділігін сақтау мақсатында еріктілермен бірге жұмыс жасап келеді.