Атырауда ерлер түзеу мекемесіне діни әдебиеттер табысталды

Атырауда N15 ерлер түзеу мекемесінің кітапханасына діни әдебиеттер тапсырылды.

Әдебиеттерді орталық «Иманғали» мешітінде наиб имам Мұрат Мұстафаев аталған мекеме өкілі, аға лейтенант Н. Мухамбетовке табыс етті.

Діни әдебиеттер қатарында «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі», «Ихсан – основа духовного воспитания», «Намаз оқып үйренейік», «Бабалар ізімен»,«Мақтаулы Мұхаммед»,«Ораза әдептері мен пәтуалары» және «Мәзһабтар тарихы», «Ханафи хадис әдіснамасына кіріспе» кітаптары бар.

Еске сала кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – діни оңалту. Осы бағыттарда жат ағым жетегінде кеткендерді қайта әлеуметтендіру мақсатында мешіттерде кешенді шаралар атқарылуда.