Қасиетті Мәуліт айының құрметіне орай, «Ихсан» мешіті Геолог ауылының егде жастағы жігіт ағаларына сыйлықтар таратты.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының қатысуымен өткен рухани шарада Геолог ауылы ақсақалдарына, жігіт ағаларына «Пайғамбарды танисыз ба?» атты кітап пен жайнамаздар сыйға тартылды.
«Мешіт – руханияттың, бірліктің, тәрбиенің ордасы. Мешіт жамағатымен нұрланады. Мешіттеріміздің төрінде үлкен кісілеріміз отырып, жастарға жол көрсететін болса, бұл – мақсаттың орындалғаны. Біз жастар тәрбиесі, қоғам бірлігін арттыру жолындағы жұмыстарымызды жалғастыруға ауыл үлкендерінің атсалысқанын қажет етеміз» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, қыркүйек айында Геолог ауылында 850 орындық мешіттің ашылу салтанаты өткен болатын. Бүгінгі таңда облыс бойынша мешіттер саны 43-ке жетті.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.