Атырау облысы имамдарын аттестаттаудан өткізу шарасы басталды.
«Иманғали» орталық мешітінде өтіп жатқан іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров пен ҚМБД төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай және ҚМДБ діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы келді.
Жиынды ашқан наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы имамдарды аттесттаудан өткізу, біліктілігін арттыру ҚМДБ басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
«Діни салада әр түрлі пәтуалар мен шешімдер қабылданады. Заман ағымына сай өзгеріске ұшырайды. Діни ілімдерді меңгеру бүгінгі таңда ауадай қажет» деді Ершат Ағыбайұлы.
Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы дін қызметкерлері жан-жақты болуы керек екендігін атап өтті.
«Бүгінгі өткізіліп отырған сынақ сіздердің жұмыстарыңызға серпін береді. Арнайы комиссия мүшелері барлығына әділ шешім қабылдайтын болады» деді Кенжетай Байкемелұлы.
Аттестация жұмысы екі күнге жалғасады.