Өңірдегі имамдардың қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін көтеру, жұртшылық алдында мәдениетін арттыру, зияткер имам бейнесін дамыту мақсатында, Атырауда төрт күндік семинар басталды.
Аталған шараға Атырау облысы әкімінің аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысты.
Семинар барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының стратегиялық секторының бас ғылыми қызметкері, шығыстанушы Жанат Момынқұлов, “Жайық Пресс” медиахолдингі директорының орынбасары ,журналист, медиатренер Нұрлыбек Рахман, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Қарас Қазиев дәріс оқуда.
Семинарға 50 дін қызметкері қатысуда.