Атырауда облыс имамдарының әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыру мақсатына арналған семинар басталды. Семинарға қала, аудан, ауыл имамдары қатысып жатыр.
Атырау облысы дін істері басқармасына қарасты «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылып жатқан семинардың мақсаты – діни, рухани ағарту жұмыстарына әлеуметтік желіні қолдануға ықпал ету.
Іс-шараға арнайы қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы имамдарға сәттілік тілеп, заман талабына сай білім алуға шақырды.
Семинар 31 шілде – тамыз және 7 -11 тамыз аралығында өтетін болады.