Атырауда имамдарға арналған әлеуметтік желінің мүмкіндіктері семинары басталды

Атырауда облыс имамдарының әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыру мақсатына арналған семинар басталды. Семинарға қала, аудан, ауыл имамдары қатысып жатыр.

Атырау облысы дін істері басқармасына қарасты «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылып жатқан семинардың мақсаты – діни, рухани ағарту жұмыстарына әлеуметтік желіні қолдануға ықпал ету.

Іс-шараға арнайы қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы имамдарға сәттілік тілеп, заман талабына сай білім алуға шақырды.

Семинар 31 шілде – тамыз және 7 -11 тамыз аралығында өтетін болады.