Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының бас редакторы Серікбол Хасан мен «Сарығаш» медресе-колледжінің директоры, РАНТ мүшесі Дінмұхаммед Сманов, Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев қатысты.
Семинар Құран аяттарын оқумен басталып, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы семинар жұмысына сәттілік тілеп, қонақтарға ризашылығын білдірді.
Атырау облысының қала, аудан, ауыл имамдарына дәріс оқыған журналист Серікбол Хасан жалған ақпарат тарату, медиасауаттылық, әлеуметтік желідегі белсенділік турасында тәжірибесімен бөліссе, исламтанушы ұстаз Дінмұхаммед Сманов имамдардың діни сауаттылығы, діни ілім алудағы өзекті тақырыптар мен жат ағымдардың негізгі сипаттамалары туралы ойымен бөлісті.
Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы діни қызмет пен діни бірлестіктер заңы аясында дін мамандарының да жан-жақты болу керек екендігін ескертті.


