Атырауда өңір имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар және жаңадан қызметке тағайындалған дін мамандарын аттестациялауға арналған іс-шара қорытындыланып, қатысушыларға сертификат табысталды.
Имамдар білімін жетілдіруге арнайы ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы екі күн бойы өңір имамдарына дәріс берді.
Дін мен дәстүр құндылықтары, пәтуа, шариғи мәселелер, ҚМДБ бекіткен концептуалды құжаттар негізінде пікір алмасты.
Бұдан бөлек қызметке тағайындалған жаңа 15 дін қызметкерлері аттестациядан өтті.
Екі күндік семинар қорытындысы бойынша білім жетілдірген имамдарға сертификат табысталды