Атырауда «Иман» мешіті «Мектепке жол» акциясына үлес қосты

Атырауда Береке ықшамауданындағы «Иман» мешіті «Мектепке жол» акциясына үлес қосты.

«Мектепке жол» акциясы аясында «Иман» мешіті ұжымы көп балалы отбасылардан шыққан 20 балаға оқу құралдары жинақталған сөмкелер жинақталды.

Мақсатымыз – балалардың білім алуына үлес қосу» дейді «Иман» мешітінің имамы Ерлан Сағынов.

Бұған дейін, Атырау мешіттерінде 1000 балаға мектепке арналған оқу құралдары тапсырылғанын хабарлаған болатынбыз.