Атырауда «Иманғали» мешіті арқылы баспаналы болған көп балалы ана жұртшылыққа алғыс айтты (+ВИДЕО)

 amin.kz/ 3 маусым, 2020 жыл. Жақында ғана мүфтияттың «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырауда баспаналы болған Айна Китуева есімді алты балалы ана жұртшылыққа алғысын айтып, ерекше жүрек толқуын жеткізді.

Атырау облысының орталық «Иманғали» мешітімен бірге, жергілікті өнер адамдары, қарапайыи халықтың атсалысуымен баспана бақытына қол жеткізген алты балалы ана барша халыққа ерекше ризашылығын айтты.

2004 жылдан бері пәтер жалдап, баспана тауқыметін тартып келе жатқан ана талай ауыр сынақтарды бастан өткерсе де, жақсылықтан үміт үзбегенін айтады.

Еске сала кетелік, жуырда ғана Атырауда «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында сегізінші үй тапсырылған еді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.