Ерікті жастар мешітке Құран тарту етті

amin.kz/ 2 маусым, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау қаласындағы «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов хабарлады.

Бүгінде Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінің жалғама құрылысы аяқтала келді.

«Осы құрылыстың жүргізілуіне толықтай атсалысқан «Иман жастары» еріктілері Құран кітабын, сонымен бірге, бірнеше дана сауат ашу кітабын сыйға тартып отыр. Мешітіміздің кітапханасын толықтырған бұл кітаптар сауат ашу сабақтарында, жалпы, рухани сағаттарда қолданылатын болады» дейді Мәулімберген мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз – қызметі.