Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті Атырау облысына қарасты дін қызметкерлері (хазірет, халпе, ишан, молда) туралы нақты дәлелдермен көрсетілген шығармашылық байқау жариялап отыр.
Мақсат – қазақ тарихында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, Атырау өңірінде діни еңбек сіңірген тұлғалардың еңбектері мен өмірін кеңінен насихаттау.
Байқауға тақырып аясында бұрын еш жерде жарияланбаған ғибратты, әсерлі әңгімелер мен мақала, зерттеулер жіберіледі.
Байқаудың міндеттері:
– Діни тұлғалардың еңбектерін насихаттау
– Имани һәм ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
– Зерттеушілердің ізденісін дамыту;
– Ізденушілерге кәсіби мотивация беру.
Шығармашылық жұмыстар Word файлы түрінде қабылданады. Мақала көлемі Times New Roman шрифтімен 14 кегль өлшемінде, біртекті (одинарный) интервалмен теріліп, жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс.
Жұмыстар ұйымдастырушының мекен-жайына (Атырау қаласы, Қ.Сәтбаев даңғылы, 15. «Иманғали» орталық мешіті) және amin.kz_atyrau@mail.ru электронды поштасына – «Байқауға» айдарымен жолдануы тиіс.
Бір қатысушы бірнеше материал жолдай алады.
Материалдар қазақ тілінде қабылданады.
Қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын, электронды поштасын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, amin.kz_atyrau@mail.ru электронды поштасына жіберуі керек.
Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 1-ші шілде күні аяқталады.
Үздік жұмыстар «Иманғали» мешіті жанынан жарық көретін «Қазақтан шыққан діни қайраткерлер» туралы кітапқа енеді және республикалық жергілікті діни сайттар мен басылымдарда жарияланады
Жеңімпаздарды тарихшылар, өлкетанушылар мен діни мамандардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қосымша хабарланатын болады.
Байқаудың міндеттері:
– Діни тұлғалардың еңбектерін насихаттау
– Имани һәм ұлттық құндылықтарды жаңғырту;
– Зерттеушілердің ізденісін дамыту;
– Ізденушілерге кәсіби мотивация беру.
Байқау талаптары:
- Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2022 жылдың 1-ші маусым күні басталып, 1-ші шілде күні аяқталады.
- Асыл дінімізге қарсы бағытта жазылған Аллаға серік қосу немесе діни көзқарастары Ислам дініне сәйкес келмейтін тұлғалар жөнінде жұмыстар;
- Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін, байқау шарттарына сай келмейтін материалдар байқауға қабылданбайды.
- Жұмыстар авторға кері қайтарылмайды
- Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына сай болуы керек.
Байқау барысы:
– Үздік жұмыстар “Иманғали» мешіті жанынан жарық көретін Қазақтан шыққан діни қайраткерлер туралы кітапқа енеді және республикалық жергілікті діни сайттар мен басылымдарда жарияланады
– Жеңімпаздарды тарихшылар, өлкетанушылар мен діни мамандардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.
– Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қосымша хабарланатын болады.
Жүлде қоры:
І орын (200 мың теңге)
ІІ орын (150 мың теңге)
ІІІ орын (100 мың теңге)
Ынталандыру сыйлықтары (30 мың теңгеден )
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.