Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі ізгілік шарасын өткізді.
40 мұқтаж отбасына киім-кешектер үлестірілді.
Қайырымдылық шарасына ұстаз, орталық мешіт азаншысы Саламат Иманғалиев арнайы қатысып, өмірде берілетін сынақтарға төтеп беру тақырыбында насихат айтты.
«Сабырлық – бойында көркем мінез және жүрегінде иманы бар адамның негізгі сипаты. Өмірде түрлі қиыншылықтарға тап болған адамға өз-өзін ұстай білуі әрине оңай іс емес. Сабыр етушіге берілетін сыйы мен оның алатын сауабының мөлшері көрген қиындықтарына сәйкес көбейе түседі.
Сабыр етушілер жайында қасиетті Құранда өте жиі айтылады» деп атап өтті ұстаз Саламат Иманғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.