Қазақстанға Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы келді (+ ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  шақыруымен бүгін елімізге Кавказ мұсылмандары діни  басқармасының төрағасы, шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Заде келді.

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайынан құрметті қонақтарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақы дәстүрге сай күтіп алды.

Айта кетейік, 6 мамыр күні ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында түркі мемлекеттері мүфтилер алқасының қатысуымен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Еске сала кетсек, бүгін түске дейін Түркістанға Түркия мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әли Ербаш келген болатын.