Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі және Азаматтық Альянстың бастамасымен Атырау қаласында діни және этномәдени бірлестіктер арасында спорттық турнир өтті.
«Ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім – Қазақстанның берік ұстанымы» атты кешенді шаралар аясында қатысушылар кіші футбол, садақ ату, ләңгі тебу, асық ойнау, кір тасын көтеру сынды спорт түрлері бойынша сайысқа түсті.
Аталмыш турнирге «Иманғали» орталық мешітінің ерікті футбол ойыны бойынша бақ сынасып, 12 команда ішінен топ жарды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.