Жылыой мешітінде халал сертификатының маңызы туралы семинар өтті

Жылыой орталық мешітінде өткен семинарды «Халал Даму» ЖШС Атырау облысы бойынша аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы өткізді.

Жылыой ауданы бойынша қоғамдық тамақтану орындарының иелері қатысқан семинарда спикер Қайрат Аманжолұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тамақ өнеркәсібіне қатысты халал стандарттау сертификатының маңызы туралы ақпарат берді.

«Халал сертификаттаудың негізгі мақсаты – тұтынушыға адал ас ұсыну арқылы өнім өндірушілер арасында бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру. Халал сертификаты – өндіруші өнімінің бәсекеге қабілеттігін көрсетеді. Мүфтият тарапынан берілетін Халал стандарт сертификаты әлемдік деңгейде жарамды. Сол арқылы бизнес иелеріне дүниежүзілік халал индустриясына жол ашылады» деп атап өтті «Халал Даму» ЖШС Атырау облысы бойынша аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы.

Еске сала кетелік, «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган.

Аталмыш мекеме 2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.