Атырау облысы мешіттерінің жанынан ашылған “Имани жаз” жазғы сауат ашу курсының алғашқы он күндігі бойынша 1050 шәкірт білім алуда.
Шәкірттерге ауыл, аудан, қала мешіттерінде білікті 32 ұстаз дәріс беруде.
«Жылдағы дәстүр бойынша биыл да кішкене балаларға арналған жазғы оқу маусымын ұйымдастырудамыз. Шәкірттер Құран әріптерін, имандылық дәрістерін және дәстүр құндылығы тақырыбында білім алуда.
ҚМДБ-ның мүфтият баспасынан жарыққа шыққан «Имандылық әліппесі» кітабы негізінде шәкірттерге білім берудеміз. Бұл кітапта бала бойына сіңіру керекті барлық имани ақпараттар бар» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы
Еске сала кетсек, жазғы оқу маусымы әлі де жалғасады. Балаларды оқытып қана қоймай, қаладағы ойын алаңдары, мұражай, кітапхана сынды тарихи, рухани орталықтармен таныстыру жоспарда бар.